Мәзір
Бокс

Боксшы Бек Нұрмағанбет алғашқы бапкеріне қымбат көлік сыйлады

Сабина Асқарқызы 230 қаралым
Боксшы Бек Нұрмағанбет алғашқы бапкеріне қымбат көлік сыйлады

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Бек Нұрмағанбет өзінің бірінші бапкеріне автокөлік мінгізді, деп хабарлайды malimsports.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Бекке бокстың әліппесін үйреткен Ахмет Керімжанов күні бүгінге дейін балаларды спортқа тәрбиелеп келеді. Жуырда ол үй салып, қоныс тойын тойлаған. Салтанатты кешке АҚШ-тан арнайы келген Бек Нұрмағанбет бапкерге тосын сый жасап, көңілін босатқан.

«Бұл - алғашқы машинаңыз. Жетістікке жетіп жатсақ салоннан барып жаңасын алып беремін», - деді боксшы өзінің бірінші бапкеріне Toyota Camry автокөлігінің кілтін табыстады.

Бек Нұрмағанбет мексикалық даңқты боксшы Сауль «Канело» Альварестің командасында жаттығып жүр. Ол кәсіпқой рингте 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен, 13-і нокаутпен.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар