Боксшы Әйгерім Сәттібаеваға Жамбыл облысының әкімі арнайы атақ берді
Жақында Семейде аяқталған ел чемпионатында әйелдер арасында чемпион атанған тараздық Әйгерім Сәттібаева арнайы марапатқа ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
48 келіде Азия чемпионатының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, 5 баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға “Облысқа сіңірген еңбегі үшін” белгісі табысталды.
"Әйгерім 2024 жылы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алса, биылғы жылы Қазақстан чемпионатында (Семей-2025) топ жарды.Біздің батыр бұрымды былғары қолғап шеберіне спорттық жолында жаңа белестер мен жеңістер тілейміз!", - деп жазылған Жамбыл облысы әкімдігі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, кеше Жамбыл облысының құрамсы сапында ел чемпионатында өңір құрамасына тиелі жалғыз алтын медальды еншілеген боксшыға жергілікті спорт басқармасы 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берді.
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Темірлан Анарбеков футбол рейтингінде бірінші сатыға тұрақтады
Ең көп оқылған