457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бокс сарапшысы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласын атады

Boxing247.com сайтының журналисі Майкл Коллинс қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының жаңа салмақтағы алғашқы ірі қарсыласы ретінде кубалық Ослейс Иглесиасты атады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Журналистің пікірінше, Жәнібек жаңа салмақ дәрежесінде әзірге рейтингке енбеген. Ал жетекші үміткерлердің басым бөлігі чемпиондық жоспарлары мен міндетті титул қорғау жекпе-жектеріне дайындалып жатыр.

Егер Жәнібек чемпиондық жекпе-жекке мүмкіндігінше тезірек шыққысы келсе, ең шынайы нұсқа – IBF чемпионы Ослейс Иглесиаспен кездесу. Алайда бұл ең қауіпті жол да болмақ. Иглесиас дивизиондағы ең ауыр соққы жасайтын боксшылардың біріне айналды. Сондықтан ұзақ үзілістен кейін оралатын бұрынғы орта салмақ чемпионы үшін мұндай кездесу алғашқы үлкен сынақ болады, – деп жазды Майкл Коллинс.

Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлының дисквалификация мерзімі 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады. Қазақстандық боксшы әзірге орта салмақта World Boxing Organization (WBO) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап отыр.

Ал Ослейс Иглесиас екінші орта салмақта International Boxing Federation (IBF) және International Boxing Organization (IBO) чемпиондық белбеулерінің иегері.

 

Фото: sports.kz.