457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бокс: орта салмақта чемпиондық жекпе-жек ресми түрде бекітілді

Бастапқыда Адамеспен жекпе-жекке қазақстандық боксшы Мейірим Нұрсұлтанов (20-0, 13 КО) шығуы тиіс еді.

Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) 22 наурыз күні АҚШ-тың Орландо қаласында титулын қорғайды. Оның қарсыласы америкалық Остин Уильямс (20-1, 13 КО) болады.

Бастапқыда Адамеспен жекпе-жекке қазақстандық боксшы Мейірим Нұрсұлтанов (20-0, 13 КО) шығуы тиіс еді. Ол екі жыл бұрын WBC ұйымы тарапынан міндетті үміткер ретінде бекітілген болатын. Алайда осы уақыт ішінде Нұрсұлтановқа чемпионмен кездесу мүмкіндігі берілмеді.

Айта кетейік, Адамес соңғы рет 2025 жылдың ақпан айында британдық Хамза Шираз қарсы жұдырықтасып, жекпе-жек даулы тең нәтижемен аяқталған еді. Ал Уильямспен кездесу бастапқыда 31 қаңтарға жоспарланған, бірақ чемпион жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімі қарсаңында тамақтан улану салдарынан ауруханаға түсіп, кездесу кейінге қалдырылды.

Бұл салмақта WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы иелігінде. Ол бұрын IBF титулын да ұстаған, алайда допинг сынамасынан кейін бұл белбеуден айырылды. Сонымен қатар WBO ұйымы боксшыны бір жылға дисквалификациялағанымен, чемпиондық атағын сақтап қалды.

Фото: fightnews.info