Бокс: Азия чемпионатынан не күтеміз?
Бокстан 5-16 шілде аралығында Индонезия астанасы Джакартада U19 және U23 санатындағы сары құрлық додасы өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, биылғы бәсекеге 26 елден 430 боксшы қатысуға ниет білдіріп отыр.
2025 жылғы құраммен салыстырар болсақ, U23 ерлер санатында бірқатар боксшылар екінші мәрте өз мүмкіндіктерін алмақ.
Атап айтар болсақ, Нұрбек Мұрсал (күміс жүлде), Нұрзат Оңғаров, Бексұлтан Боранбек, Аман Қонысбек екінші мәрте барса, 2 дүркін Азия чемпионы Темірлан Мұқатаев кезекті мәрте өз мықтылығын дәлелдеуге тырысады.
Соңғы сәтке дейін 60 және 65 келіде баратын спортшылардың есімі белгісіз болып келіп, нәтижесінде Нұрасыл Төлебек пен Асылхан Көшербай мансаптарындағы ірі жарысына қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ Өнер Сейілхан, Ибрагим Бeтаев, Аслан Елдібайұлы да дебют жасамақ.
50 келі. Нұрзат Оңғаров
55 келі. Бексұлтан Боранбек
60 келі. Нұрасыл Төлебек
65 келі. Асылхан Көшербай
70 келі. Нұрбек Мұрсал
75 келі. Аман Қонысбек
80 келі. Өнер Сейілхан
85 келі. Темірлан Мұқатаев
90 келі. Ибрагим Бeтаев
+90 келі. Аслан Елдібайұлы
2025 жылы жігіттеріміз 3 алтын, 2 күміс жүлдеге ие болған еді.
Бұл жарыс ерлеріміз үшін қазан айында өтетін Қазақстан чемпионаты алдындағы шешуші жарыс саналады.
U19 ерлер
Өткен жылы U22 құрамасын тізгіндеген Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев биыл U19 құрамасын бастап барады.
Жастар құрамасы наурыз айында ғана Дакардағы жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасы үлестірілген Таиландтағы Futures Cup турнирінде 3 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлде еншілеген еді.
Досжан Жұмақан, Олимпиада жолдамасының иегері Бибарыс Әшірбай, Хамза Мақсатұлы және т.б көпшілікке аты танылған отандастарымыз жауапты сында кезекті рет атой салады деген сенім мол.
Естеріңізде болса, U19 санатындағы ерлер 2025 жылы 1 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлде жүлде алған болатын.
2026 жылдың басында ғана Моңғолия астанасы Ұланбатырдағы Азия чемпионатының жалпы есебінде Қазақстан құрамасы топ жарғандығын ескерсек, жанкүйерлердің осы жолы тек жоғары нәтиже күтетіндігі белгілі.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған