Биволдың келесі жекпе-жегі Ресейде өтеді
Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың келесі жекпе-жегі 12 желтоқсанда Екатеринбург қаласындағы «УГМК Аренада» өтуі жоспарланып отыр, деп жазады malimsports.kz.
Бұл туралы RCC Boxing Promotions промоутерлік компаниясының бас директоры Герман Титов мәлімдеді.
«Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында Титов қазіргі таңда Биволдың болашағына қатысты келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, тараптар британдық Matchroom Boxing компаниясымен бірлесіп жұмыс істеу мәселесін талқылауда.
«Қазір біз Matchroom компаниясымен Дмитрий Биволдың алдағы жоспарлары бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде Артур Бетербиевпен үшінші жекпе-жек өткізу мәселесі де қарастырылады», – деді Герман Титов.
Промоутердің айтуынша, Бивол үшін бірнеше ықтимал қарсылас қарастырылып отыр.
Бұған дейін Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн Дмитрий Биволдың Артур Бетербиевпен үшінші кездесу өткізу үшін WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуден бас тартуы мүмкін екенін айтқан болатын. Сондай-ақ Matchroom компаниясы RCC Boxing-пен келіссөз жүргізетінін мәлімдеген.
Еске салайық, 2024 жылдың қазан айында Артур Бетербиев жартылай ауыр салмақтағы барлық негізгі чемпиондық белбеуді біріктіріп, Дмитрий Биволды жеңген еді. Алайда 2025 жылдың ақпанында Бивол реваншта жеңіске жетіп, қарымта қайтарды. Кейін қазақстандық боксшы WBC белбеуінен бас тартты.
Биволдың Бетербиевпен үшінші жекпе-жегі бокс әлеміндегі ең көп күтілетін кездесулердің бірі саналады.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған