457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Биволдың бұрынғы әйелі қырғыз бен қазақ халқын кемсіткені үшін жазаланды

Бұл туралы Санкт-Петербург соттарының біріккен баспасөз қызметі хабарлады

Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін 60 сағат міндетті қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. Бұл туралы Санкт-Петербург соттарының біріккен баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Әкімшілік іс РФ ӘҚБтК-нің 20.3.1-бабы бойынша желтоқсан айының соңында қозғалған. Бұған әлеуметтік желіде тараған видео себеп болған. Онда Екатерина Бивол қырғыздар мен қазақтар жөнінде қорлайтын, балағат сөздер қолданған.

«Теріс баға беру қорлау және бейәдеп сөздер арқылы білдірілген. Бейнежазбадағы мәтінде бір топ адамның екінші топтан табиғи (генетикалық) белгісі бойынша артықшылығы туралы айтылады», — деп жазылған сот хабарламасында. 

Бұған дейін, қазан айының соңында Бішкек соты осы видеоға байланысты Екатерина Биволды сырттай қамауға алып, іздеуге жариялаған. Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұрғаны айтылған еді. 

Екатерина мен Дмитрий Бивол 2013 жылы үйленіп, екі баланы тәрбиелеген. 2023 жылдың тамызында боксшы ажырасуға арыз берген. Осыдан кейін Екатерина әлеуметтік желілерде бұрынғы күйеуін жиі сынап, отбасылық зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған.

Дмитрий Бивол қазіргі таңда WBA, IBF және WBO нұсқалары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы.

Фото: bivol_kate/Instagram