Бішкекте Екатерина Биволға қатысты іс сотта қаралады
Санкт-Петербург қаласындағы Ленин аудандық сотында 29 қаңтарда белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты іс қаралады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол көпшілік алдында ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен жауапқа тартылып отыр.
Іске себеп 2025 жылдың қазан айында Telegram-арнада жарияланған бейнеролик болды. Экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы материалды тексеру барысында қырғыз және қазақ ұлттарының өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітетін пікірлер барын анықтаған. Сараптамалық қорытындыда аталған мәлімдемелердің кемсітуші сипатта екені көрсетілген.
Аталған дерек бойынша Екатерина Биволға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Заң аясында ірі көлемдегі айыппұл немесе әкімшілік қамау жазасы қарастырылған.
Айта кету керек, бұл Биволдың сотпен алғашқы бетпе-бет келуі емес. Алайда дәл осы оқиға тұтас ұлттарға тіл тигізуге қатысты болғандықтан, қоғамда кең резонанс тудырып отыр.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған