457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева ел чемпионы атанды

Әйгерім Сәттібаева өткен жылдың соңында Қарағандыда өткен ел ішіндегі ең ірі турнирде жеңіске жеткен болатын.

Жамбыл облысының талантты спортшысы, бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева Семей қаласында өткен Қазақстан чемпионатында әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол финалда жетісулық Әнел Құдайбергенді 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Бұл жеңіс – Әйгерімнің спорттағы табандылығы мен еңбекқорлығының жарқын дәлелі. Көп балалы ана атанса да, ол шаршы алаңдағы жоғары деңгейін сақтап, кәсіби мансабын үздіксіз жалғастырып келеді.

Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева өткен жылдың соңында Қарағандыда өткен ел ішіндегі ең ірі турнирде жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болып, халықаралық деңгейде де өз шеберлігін дәлелдеді.

Әйгерімнің айтуынша, оның басты тірегі – отбасындағы қолдау мен ел намысын қорғау рухы.

«Бала-шағам мені әр жарысқа шығарып салады. Сол сенім мені жеңіске жетелейді», - дейді чемпион.

Осылайша, бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева биылғы чемпионаттың ең белгілі спортшылардың бірі атанып отыр.

Фото: Ашық дереккөзден