457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Белгілі спорт журналисі көпшіліктен Головкинге қолдау көрсетуді сұрады 

Оның айтуынша, тура он күннен кейін әйгілі боксшы Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті атануы мүмкін.

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі жазбасында отандық спорт тарихында ерекше оқиға болатынын атап өтті, деп хабарлайды malimsports.kz

Оның айтуынша, тура он күннен кейін әйгілі боксшы Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті атануы мүмкін.

Аслан Қаженовтің пікірінше, сайлау рәсімі ресми түрде өтсе де, Головкиннің жеңісіне сенім мол. Ол мұндай жетістікке Қазақстан спортында бұрын-соңды ешбір маман жете алмағанын айтты:

«Бүгінге дейін елімізден шыққан бірде-бір маман халықаралық спорт федерациясын басқарған емес. Тек бокста ғана емес, жалпы спортта. Гена – осы жолды алғаш ашқалы отыр!» – деді журналист.

Қаженов сондай-ақ жанкүйерлерді Головкинді қолдауға шақырды. Ол World Boxing ұйымының және Халықаралық олимпиада комитетінің парақшаларына пікір қалдырып, қолдау білдіруге үндеді:

“Головкин лайықты!”, “Головкинді қолдаймыз!” деп жазайық! Көк туды толтырып, бүкіл әлем Генаны қолдап жатқанын көрсін!" – деді ол.

Журналист кейбір сыртқы және ішкі күштердің Головкиннің бұл жетістігіне қарсы болуы мүмкін екенін де атап өтті. Дегенмен, ол көпшіліктің тілегі орындалып, қазақ спортының жаңа дәуірі басталатынына сенім білдірді.

«Бәрібір көпшіліктің тілеуі қабыл болады, қазақ спортының тарихы жаңарады!» – деп жазды Аслан Қаженов.

Фото: Журналистік әлеуметтік желідегі парақшасынан