Бек Нұрмағанбет Сауль Альварестің жеңілісінен кейін пікір білдірді

Екінші орта салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет жақын досы әрі тұрақты спарринг серіктесі Сауль «Канело» Альвареспен Теренс Кроуфордтан жеңілгеннен кейін сөйлескен-сөйлеспегені туралы айтты, деп хабарлайды malimsports.kz Betonmobile басылымына сілтеме жасап.
«Жоқ, «Канеломен» ол жекпе-жектен кейін сөйлеспедім. Оны мазалағым келмеді. Жеңілістен кейін мұндай чемпионмен сөйлесу ыңғайсыздау», – деді Нұрмағанбет.
Айта кетейік, Сауль Альварес Теренс Кроуфордтан төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіліп, екінші орта салмақтағы абсолютті чемпиондық атағынан айырылды. Бұл – мексикалық боксшының кәсіби мансабындағы үшінші жеңілісі.
Ал Бек Нұрмағанбет соңғы үш жыл бойы Сауль Альварестің командасының мүшесі әрі тұрақты спарринг-серіктесі болып келеді. Оның мансабына Саульдің жеке бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо жауапты.
Фото: instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli


Ең көп оқылған
