Мәзір
Бокс

Бек Нұрмағанбет Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Сабина Асқарқызы 178 қаралым
Бек Нұрмағанбет Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Суперорта салмақта жұдырықтасатын Бек Нұрмағанбет Лас-Вегастағы Fontainebleau қонақүйінде өткен бес жекпе-жектен тұратын бокс кешінің басты жекпе-жегіне шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл кеш Канело мен Теренс Кроуфорд арасындағы суперкездесудің алдындағы шаралардың бірі болды.

27 жастағы Нұрмағанбеттің қарсыласы – 31 жастағы америкалық Стивен Самптер (11-2-1, 9 КО) болды. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі үш раундқа ғана созылды: екінші раундта Бек қарсыласын нокдаунға жіберіп, үшінші раундтан кейін Самптердің бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Бек Нұрмағанбет кәсіби мансабындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді (15-0, 13 КО). Бұл – оның Солтүстік Америкадағы қатарынан тоғызыншы жекпе-жегі.

Айта кетейік, Бек – Канелоның тұрақты спарринг-серіктесі, ал оның менеджері - Канелоның жаттықтырушысы әрі менеджері Эдди Рейносо.

Қазіргі таңда Нұрмағанбет WBA рейтингінде 11-орында тұр.

Фото: Prosports.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар