457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бек Нұрмағанбет Канелоның бокс кешінде жұдырықтасуы мүмкін

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегін Сауд Арабиясында өтетін ауқымды бокс кешінде өткізуі мүмкін, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл кештің басты оқиғасы мексикалық жұлдыз Сауль Канело Альварестің жекпе-жегі болмақ.

Боксшының айтуынша, оның командасы келесі кездесуін ұйымдастыру жұмыстарын бастап кеткен.

Мен шетелдік менеджерлермен жұмыс істейтіндіктен, олардың айтқандарын кейде толық түсіне бермеймін. Олар өздері менің жоспарымды жасайды. Айтуларынша, алда үлкен жекпе-жектер күтіп тұр. 31 қазанда Эр-Риядта Канело өнер көрсететін бокс кеші өтеді. Егер бәрі ойдағыдай болса, мен де сол кеште жұдырықтасамын деп ойлаймын. Қарсыласым әзірге белгісіз. Ауызша талқыланған бірнеше үміткер бар, – деп келтіреді Бек Нұрмағанбеттің сөзін Akhmedov Promotions.

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін Алматыда өткізіп, ресейлік Артыш Лопсанды бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет дайындықтың басым бөлігін АҚШ-та өткізіп, Сауль Канело Альварестің оқу-жаттығу лагерінде жаттыққан. Ол әлемдік бокс жұлдызының тұрақты спарринг-серіктестерінің бірі ретінде де танымал.

 

Фото: ©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli