Мәзір
Бокс

Бейбарыс Жексен ширек финалда өзбекстандық Олимпиада чемпионымен кездеседі

Сабина Асқарқызы 66 қаралым
Бейбарыс Жексен ширек финалда өзбекстандық Олимпиада чемпионымен кездеседі

Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Бейбарыс Жексен кезекті жеңісіне қол жеткізіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жексен 1/8 финалда үндістандық Сачинмен кездесіп, тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен (4:1) жеңіске жетті.

Келесі кезеңде ол Париж Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Абдумалик Халоковпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар