457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бейбарыс Жексен моңғол боксшысына есе жіберді

Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Лундаа Гантумурге берді

Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан 77-ші халықаралық «Странджа» кубогы турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

1/16 финалда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жексенге моңғолиялық Лундаа Гантумур қарсылас болды.

Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Лундаа Гантумурге берді. Шешім төрешілердің қақ жарылған шешімімен қабылданды.

Осылайша, Бейбарыс Жексен турнирдегі өнерін аяқтады. Ал оның қарсыласы келесі кезеңге жолдама алып, жарысты жалғастырады.

Айта кетейік, «Странджа» кубогы турниріне Қазақстан атынан барлығы 39 боксшы (19 ер, 20 әйел) қатысуда. Кейбір салмақ дәрежелерінде ел намысын бірден үш спортшы қорғайды.

Фото: ©instagram.com/boxingkazakhstan/