Баходир Жалоловтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды
Өзбекстанныңн екі дүркін олимпиада чемпионы Баходир Жалолов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен IBA.PRO 10 турнирінде жекпе-жек өткізді.
Жалолов бұл жолы ресейлік Виталий Кудуховпен (7-3, 3 КО) күш сынасты. Кездесу суперауыр салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын.
Көпшілік күтпегендей, айқас толық сегіз раундқа созылды. Нәтижесінде өзбек боксшысы аса тартысқа толы кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Баходир Жалолов кәсіби рингтегі 16-шы жеңісін тіркеді.
Айта кетейік, Жалолов бұған дейінгі соңғы кездесуін 5 сәуірде Астанада өткізіп, украиналық Игорь Шевадзутскийді (12-3, 10 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен ұтқан болатын.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған