Баходир Жалолов WBC рейтингінде бір саты төмендеді
Өзбекстандық суперауыр салмақ боксшысы Баходир Жалолов (16-0, 14 КО) жаңартылған WBC рейтингінде бір позицияға төмендеді.
Жаңа рейтингке сәйкес, Жалолов тоғызыншы орыннан оныншы орынға түскен. Бұл оның қатарынан екінші жекпе-жекте қарсыласын мерзімінен бұрын жеңе алмағанынан кейін тіркелді.
Айта кетейік, WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы қазіргі уақытта украиналық Александр Усикке тиесілі. Ал үздік үштікті британдық боксшылар – Лоуренс Околи, Дэниэл Дюбуа және Энтони Джошуа түйіндеп тұр.
Еске салсақ, осы айдың басында Баходир Жалолов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жергілікті боксшы Виталий Кудуховпен (7-4, 3 КО) жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын. Бұл оның қатарынан екінші жекпе-жегі, онда Жалолов қарсыласын нокаутқа жібере алмады.
Фото: AGP
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған