Танымал өзбекстандық кәсіби боксшы Баходир Жалолов Ташкентте өткен турнирде айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жалолов астанада ұйымдастырылған ірі бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Оның ауыр салмақтағы (90,7 кг-нан жоғары) қарсыласы нигериялық Соломон Адебайо болған еді.
Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Төртінші раундта Адебайо ауыр соққыдан кейін жерге құлап, жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Осылайша, 31 жастағы Баходир Жалолов кәсіби рингтегі барлық 17 жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр, оның ішінде 15-і нокаутпен аяқталған. Ал әуесқой бокста ол екі дүркін Олимпиада және әлем чемпионы атанған.
Фото: Ашық дереккөзден