457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барлық рекордты жаңартамыз»: Тайсон мен Мейвезер наурызда рингке шығады

Жасы алпысты алқымдаған Тайсонның айтуынша, екі аңыз спортшы көрме түріндегі жекпе-жекке шығады.

Бокстан бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон Флойд Мейвезерге қарсы өтетін алдағы кездесудің егжей-тегжейін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

59 жастағы Тайсонның айтуынша, екі аңыз спортшы көрме түріндегі жекпе-жекке шығады.

«Бұл жекпе-жек наурыз айында Африкада өтеді. Біздің кездесу керемет оқиға болады, барлық рекордтарды жаңартып, спорт тарихындағы ең ірі оқиғалардың біріне айналады», - деді «темір Майк».

Айта кетейік, Тайсон бұған дейін, қыркүйек айында, бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезермен 2026 жылы жекпе-жек өтетінін жариялаған болатын. Ол бұл кездесуді «аңыздардың айқасы» деп атаған.

Фото: Ашық дереккөзден