Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыманның (9-0-7) келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
25 шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтетін Akhmedov Promotions бокс кешінде Мұздыман Қырғызстан өкілі Аделина Сатыбалдиевамен қолғап түйістіреді. Сатыбалдиева әуесқой бокста Қырғызстан чемпионы атанған.
Бұл жекпе-жек Балауса Мұздыман үшін өткен жылдың 5 қыркүйегінен бергі алғашқы ресми айқас болмақ. Ол соңғы кездесуінде Алматыда үндістандық Мамта Сингхті (8-3-1, 4 КО) төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
Айта кетейік, биыл көктемде қазақстандық боксшы АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткізіп, алдағы кездесуге тыңғылықты дайындалған. Балауса кәсіпқой рингте әзірге жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ.
Фото: Sports.kz
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған