Мәзір
Бокс

Балауса Мұздыманның Алматыдағы жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Сабина Асқарқызы 76 қаралым
Балауса Мұздыманның Алматыдағы жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман денсаулығына байланысты алдағы айқасын уақытша шегеруге мәжбүр болды. Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Боксшының айтуынша, дайындық үдерісі жоспарға сай және жоғары қарқында өткен. Алайда жаттығу барысында мойнынан жарақат алып, дәрігерлердің кеңесімен жекпе-жекті кейінге қалдыру туралы шешім қабылданған. Осыған байланысты алдын ала дайындалған жоспарға өзгеріс енгізілген.

Балауса Мұздыман қазіргі таңда толықтай сауығуға басымдық беретінін айтып, өзіне қолдау білдіріп жүрген жанкүйерлерге ризашылығын жеткізді.

Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыда өтеді деп жоспарланған жекпе-жек ресми түрде өтпейтін болды. Бұл айқастағы қарсыластың есімі әлі жарияланбаған еді.

Айта кетсек, бұған дейін Балауса Мұздыман Астанада өткен Battle of the Brave бокс кешінде жеңіске жетіп, кәсіпқой рингтегі көрсеткішін 6 жеңіске дейін жеткізген (5 нокаут).

 

 

Фото: Видеодан скриншот

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар