457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Балауса Мұздыман көз тиіп көп ауырғаны туралы айтты

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген қазақстандық Балауса Мұздыманды көпшілік жуан жұдырық иесі деп қана емес, сұлу боксшы ретінде де біледі.

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген қазақстандық Балауса Мұздыманды көпшілік жуан жұдырық иесі деп қана емес, сұлу боксшы ретінде де біледі. Былғары қолғап шеберінің сөзіне қарағанда, сұлулықтың кедергі болатын тұстары да бар. Ол кішкентай кезінен көз тиіп жиі ауыратынын айтты. Балауса El Sport YouTube арнасына берген сұхбатында іс-шаралардан келген соң әлі де дұғасын оқып жататынын алға тартты, деп хабарлайды malimsports.kz El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

«Көз тиді» деп бекер айтылмайды. Бала күнімде қонақтар келіп кеткен соң міндетті түрде ауырып қалатынмын. Өзім ерке болдым, ұлдар секілді жүріп, бұзық болдым ба, әйтеуір қонаққа барсақ, не үйге біреулер келсе болды, орнымнан тұра алмай қалатынмын. Кішкентай кезде неге бұлай болады екен деп ойлайтынмын. Сонда апам қасымда отырып дем салып, дұға оқитын, тұзбен,  сумен аластап, аяққа тұрғызып алатын. Қазір де іс-шаралардан келген соң тұзды суға шомылып, дуғамды оқып жатамын, - дейді боксшы қыз.

Фото: Ашық дереккөзден