Балауса Мұздыман әйел спортшыларға жасалған әділетсіздік туралы айтты
Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман ерлер мен әйелдер боксына қатысты көзқарас әртүрлі деп санайды. Бұл туралы ол El Sport YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды malimsports.kz El.kz интернет порталына сілтеме жасап.
Әйелдер боксы әлемде енді ғана қарқын алып жатыр. Алдағы бес жылда ерлермен қатар сыйақы алатын жағдайға жетіп, ерлердің деңгейімен бірдей жұлдыздар шығатын болар. Әйтпесе теңсіздік қазір де бар. Тіпті біздің елде де солай. Жарыстан табысты оралған ұлдарға пәтер мен көлік беріп жатса, қыздарға ақшалай сыйақы ғана берумен шектеледі, - дейді боксшы қыз.
Оның сөзінше, қыздардың еңбегі лайықты бағаланбайды.
Боксшы қыздарымыздың еңбегі дұрыс бағаланбай жатыр. Әйтпесе бірдей жаттығу жасайды, бірдей еңбек етеді, теңдей жекпе-жектер өткізеді, бірақ бағалануы әртүрлі. Болашақта осы мәселе оң шешімін табады деп сенемін, - дейді Балауса.
Ол Ливерпульдегі әлем чемпионатын да мысалға келтірді.
Қыздар боксы эмоцияға толы дейді. Жұмыс істейтін тұстар бар, бірақ Ливерпульдегі әлем чемпионатында қыздардың деңгейі кәдімгідей өскені анық байқалды. Ұлдармен тең бокстаспа, кем бокстасқан жоқ, - деді ол.
Фото: El Sport YouTube
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған