Мәзір
Бокс

Азия жасөспірімдер ойындары: Қазақстан құрамасы бокстан Өзбекстанмен бірге көш бастады

Сабина Асқарқызы 149 қаралым
Азия жасөспірімдер ойындары: Қазақстан құрамасы бокстан Өзбекстанмен бірге көш бастады

Бахрейн астанасы Манамада өткен 2025 жылғы Азия жасөспірімдер ойындарында бокстан жалпыкомандалық медаль кестесі белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасы жарысты жоғары деңгейде өткізіп, ел боксшылары жалпы 10 медаль жеңіп алды. Оның 5-еуі алтын, 3-еуі күміс және 2-еуі қола. Дәл осындай нәтижені Өзбекстан құрамасы да көрсетті. Осылайша екі елдің боксшылары медаль кестесінде бірінші орынды бөлісті.

Үшінші орынға Үндістан құрамасы тұрақтады. Олардың еншісінде 7 медаль (4 алтын, 2 күміс, 1 қола) бар.

Алтын медаль иегерлері (Қазақстан):

50 кг – Жұмағали Нұрмахан

54 кг – Досжан Жұмахан

66 кг – Даниял Шалқарбай

66 кг – Аяулым Оспанова

75 кг – Кәмила Оспанова

Күміс медаль иегерлері:

46 кг – Арман Мірсәбит

+80 кг – Рүстембек Мұхамедәлі

+80 кг – Эльнула Қонырат

Қола медаль иегерлері:

54 кг – Рамина Махатова

75 кг – Санжар Матасов

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар