457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азия ойындарына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы белгілі болды

Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Ұлттық олимпиадалық комитетке берген сұхбатында мәлімдеді.

Жапонияда өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғайтын Қазақстан әйелдер бокс құрамасының нақты құрамы жарияланды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Ұлттық олимпиадалық комитетке берген сұхбатында мәлімдеді.

Қазіргі таңда ұлттық құрама 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтетін құрлық додасына дайындықтың кезекті кезеңін өткізіп жатыр.

Бас бапкердің айтуынша, Азия ойындарына қатысатын боксшылар құрамы толық бекітілген:

51 келіге дейін – Алуа Балқыбекова;

54 келіге дейін – Назым Қызайбай;

60 келіге дейін – Виктория Графеева;

65 келіге дейін – Аида Әбікеева;

75 келіге дейін – Наталья Богданова.

Елдос Сайдалин спортшыларды іріктеу кезінде өткен жылғы әлем чемпионатының нәтижелері мен биылғы Әлем кубогы кезеңдеріндегі көрсеткіштер басты назарға алынғанын айтты.

Фото: ҚБФ