Азия ойындары: Тағы үш қазақстандық боксшы құрлық үздігі атанды
Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Даниял Шалқарбай, Досжан Жұмақан және Аяулым Оспанова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстандық боксшы 66 келіге дейінгі салмақтың финалына дейін жетті.
Ақтық сында жерлесіміз өзбекстандық Саидхуджа Садиллахуджаевты жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Сондай-ақ, Аяулым Оспанова 66 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Финалда отандасымыз үндістандық Харнуур Каурмен жұдырықтасты. Нәтижесінде Аяулым мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
54 келіге дейінгі салмақта Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетті.
Отандасымыз алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте ирандық Матин Чамипадан басым түсті. Осылайша ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медальді салды.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған