Бокстан Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде бір аруымыз өнер көрсетті, деп жазады malimsports.kz.
Азия чемпионы, 60 келідегі Римма Волосенко 1/8 финалда Үндістан спортшысы Прия Приямен жұдырық түйістірді.
3 раундқа жалғасқан айқаста үндістандық қарсылас шабуыл мен қорғаныста да басымдығын танытып, 5:0 есебімен басым түсті.
Кеше жарыстың алғашқы күнінде 51 және 54 келіде шаршы алаңға шыққан ҚР ұлттық құрамасының боксшылары жарыс жолын аяқтаған еді.
Фото: Ашық дереккөзден