Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионатының кезекті күні өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бүгін шаршы алаңға Қазақстан құрамасы сапынан Ертуған Зейнуллинов шығып, келесі айналымға жолдама алды.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Тайпей өкілі Ю Линмен жұдырықтасты. Нәтижесінде Ертуған айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.
Осылайша Ертуған Зейнуллинов ширек финалда Қырғызстан өкілі Мирзохид Имамназаровпен кездеседі.
Фото: ҰОК