457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азия чемпионаты: Ерлер құрамасының екі боксшысы жартылай финалға жолдама алды

Өкінішке қарай, 80 келідегі Ерасыл Жақпеков 1/4 финалда әлем чемпионы Фазлиддин Еркинбоевқа жол берді.

Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатында ҚР ұлттық құрамасының екі боксшысы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz

Олардың арасында Сабыржан Аққалықов (75 кг) пен Сағындық Тоғамбай (90) жартылай финалға өтті.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 75 келідегі Сабыржан Аққалықов 1/4 финалда Жапония боксшысы Тайга Ягимен жұдырықтасқан еді.
Бұл жекпе-жекте отандасымыздың шеберлігі бір бас жоғары екендігі анық байқалды. Сабыржан қарсыласының белсенділігін бүйірден соққы жасау арқылы тоқтатып, ауыр соққыларын да дарытты. Қорытынды есеп: 5:0.
Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов 2024 жылы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында топ жарған.

Ал 90 келідегі Сағындық Тоғамбай 1/4 финалда Қытай спортшысы Хан Хуеженмен жұдырық түйістірді.
Қос боксшы да 3 раунд бойы дамылсыз ауыр соққыларымен алмасты. Нәтижесінде төрешілер 4:1 есебімен Сағындықты жеңімпаз деп таныды. Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай 2024 жылғы Азия чемпионы саналады.

Өкінішке қарай, 80 келідегі Ерасыл Жақпеков 1/4 финалда әлем чемпионы Фазлиддин Еркинбоевқа жол берді. Жекпе-жекте қос боксшы да тәуекелге бармай, бір-бірін аңдысуымен өтті. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Фазлиддин Еркинбоевқа берді. Айта кетейік, Ерасыл Жақпеков 2024 жылы Азия чемпионатының финалына дейін жеткен еді.

Фото: Ашық дереккөзден