457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азия чемпионаты: аса ауыр салмақта төрт қазақ боксшы жұдырықтасып жатыр

Моңғолияның Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында аса ауыр салмақта (90 келіден жоғары) бірден төрт қазақ боксшы өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.

Қазақстан атынан бұл салмақта Айбек Оралбай өнер көрсетеді. Сонымен қатар шаршы алаң қожайыны моңғолиялық Бекнұр Қали, Қытай құрамасындағы этникалық қазақ Данабек Байқоныс және өзбекстандық Арман Маханов та қатысуда.

Дегенмен, моңғолиялық Бекнұр Қали бүгін жарыс жолынан шығып қалды. Ол 1/8 финалда өзбекстандық қандасымыз Арман Махановтан жеңілді. Енді ширек финалда Айбек Оралбай Арман Махановпен жұдырықтасады. Екі боксшының жекпе-жегі 4 сәуірге жоспарланған.

Айта кетейік, Айбек Оралбай – әлем және Азия чемпионы атанған тәжірибелі боксшы. Ол 2025 жылы әлем біріншілігінде топ жарса, 2022 және 2024 жылдары Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.

Фото: ҰОК