457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азия чемпионаты: Ақжүрек Қалабай жартылай финалға шықты

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақжүрек Қалабай ширек финалда Сауд Арабиясының өкілі Зиад Алшехримен кездесті.

Бокстан U19 санаты бойынша өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Ақжүрек Қалабай жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақжүрек Қалабай ширек финалда Сауд Арабиясының өкілі Зиад Алшехримен кездесті. Жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Қазақстандық былғары қолғап шебері алғашқы раундтың өзінде қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдық танытты. Осыдан кейін төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатып, Ақжүрек Қалабай техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Досжан Жұмақан ширек финалда Таиланд боксшысы Чива Чайнаронгқа қарсы рингке шықты. Қарқынды өткен жекпе-жекте екі спортшы да белсенді өнер көрсеткенімен, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (0:5) жеңіс тайландтық боксшыға берілді.

Осылайша, Ақжүрек Қалабай жарысты жалғастырып, жартылай финалға жолдама алса, Досжан Жұмақан Азия чемпионатындағы өнерін ширек финалда аяқтады.

Фото: Ашық дереккөзден