Мәзір
Бокс

Атақты бапкер Рафаэль Вахитов 98 жасында бақиға аттанды

Сабина Асқарқызы 268 қаралым
Атақты бапкер Рафаэль  Вахитов 98 жасында бақиға аттанды

Қазақстан боксының ардагері, атақты бапкер Вахитов Рафаэль Гайсичтің 98 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Осыған байланысты Қазақстан бокс федерациясы оның отбасы мен барша отандық бокс қауымдастығына көңіл айтты. 

Рафаэль Гайсич Вахитов Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қызметкері және еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған тұлға. Павлодар облысының тумасы өз өмірін боксқа арнап, көптеген чемпиондар мен спорт шеберлерін тәрбиеледі. 

Отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагердің есімі қазақстандық бокстың тарихында мәңгі сақталмақ. 

Фото: 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар