Асылхан Көшербай бокстан Азия чемпионатын сенімді жеңіспен бастады
Қазақстандық боксшы Асылхан Көшербай Индонезияның Джакарта қаласында басталған 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы 1/8 финалда Бутан өкілі Дечен Доржимен қолғап түйістірді. Асылхан алғашқы раундтан-ақ айқын басымдық танытып, үш раундқа созылған кездесуде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) келесі кезеңге өтті.
Айта кетейік, құрлық біріншілігінде Қазақстанның U23 ерлер құрамасы сапында Нұрзат Оңғаров (50 келі), Бексұлтан Боранбек (55 келі), Нұрбек Мұрсал (70 келі), Аман Қонысбек (75 келі), Өнер Сейілхан (80 келі), Темірлан Мұқатаев (85 келі), Ибрагим Бетаев (90 келі) және Аслан Елдібайұлы (+90 келі) да ел намысын қорғайды. Команданы бас бапкер Мақсат Бақтыбазаров жаттықтырады.
Сонымен қатар Джакартадағы Азия чемпионатында Қазақстан атынан U23 қыздар, сондай-ақ U19 жас санатындағы ұлдар мен қыздар құрамалары да бақ сынайды.
Фото: ҚБФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған