457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада бокстан федерация кубогының финалдық кезеңі өтеді

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша шешуші сынға Астана, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Қарағанды және Маңғыстау облыстарының командалары жолдама алды. 

13 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясы кубогының финалдық кезеңі басталады, деп хабарлайды malimsports.kz

Ұлттық олимпиадалық комитет жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын жоба аймақтарда боксты дамытуға бағытталғанын мәлімдеген. Бұл туралы Қазақпарат жазды.  

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша шешуші сынға Астана, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Қарағанды және Маңғыстау облыстарының командалары жолдама алды. 

13 желтоқсанда ерлер мен әйелдер арасында 15 салмақ дәрежесі бойынша жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. 14 желтоқсан күні үшінші және бірінші орындар үшін кездесулер жоспарланған. 

Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешеніндегі жарыс 13 желтоқсан күні сағат 11:30-да, 14 желтоқсан күні сағат 12:00-де басталады. 

Фото: Ақорда