457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада Бекзат Саттарханов туралы кітаптың тұсаукесері өтті

11 қыркүйекте Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы Спорт кешенінде даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жолына арналған жаңа кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.  

Кітаптың авторы – танымал жазушы, журналист Бейбіт Сарыбай.

Шараға Бекзаттың анасы – Сырлыгүл Саттарханова арнайы келіп, ұлының жарқын бейнесін қайта жаңғыртқан еңбектің жарық көруіне алғысын білдірді. Ол Бекзаттың балалық шағы мен спортқа деген сүйіспеншілігі, ел намысын қорғаудағы табандылығы жайлы әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Кітапта Бекзат Саттархановтың өмір жолы, спорттағы жеңістері, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасындағы тарихи жеңісі және отандық спорттағы орны кеңінен баяндалады. Автор архивтік материалдар мен сұхбаттар негізінде чемпионның адами қасиеттерін, ерік-жігерін терең сипаттайды.

Бейбіт Сарыбайдың бұл еңбегі – Бекзаттың ұлт жадысындағы бейнесін жаңғыртып қана қоймай, жастарға рухани бағдар беретін құнды дүние. Кітаптың тұсаукесері аясында оқырмандар автордан қолтаңба алып, естелік суретке түсті.

Шараға спортшылар, қоғам қайраткерлері, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Фото: Ашық дереккөзден