Мәзір
Бокс

Әсел Тоқтасын әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Сабина Асқарқызы 121 қаралым
Әсел Тоқтасын әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Үндістан астанасында бокстап өтіп жатқан әлем кубогында отандық былғары қолғап шебері Әсел Тоқтасын қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
+80 келіде сынға түскен ұлттық құрама мүшесі Үндістандағы бәсекенің жартылай финалында сүрінді. Отандасымыз Астанадағы әлем кубогінің қола жүлдегері және 2024 ж. Азия чемпионатының күміс жүлдегері Олтыной Сотимбоеваға (Өзбекстан) жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтты. 

Бұған дейін Нұрбек Мурсалдың әлем кубогының жартылай финалына өткенін жазған едік. 
Ол 70 келіде қырғыз боксшысы Ихтияр Нишоновтан басым түсті. 19 қарашаға жоспарланған келесі кездесуде қарсыласы Юрий Захариев (Украина) болмақ. 

Фото: ҚР бокс федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар