Таиланд астанасы Бангкокта өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Армат Арманұлы (5-1, 4 КО) сенсациялық жеңіске қол жеткізді. Ол осыған дейін жеңілмеген мексикалық Сесар Лосано Гонсалесті (7-1-1, 6 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Орта салмақтағы айқас сегіз раундқа жоспарланған еді. Арманұлы төртінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберсе, сегізінші раундта тағы да дәл соны қайталап, жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Жеңіс төрешілер шешімімен бір ауыздан қазақстандық боксшыға берілді.
Бұл жеңіс Арманұлының кәсіпқой мансабындағы бесінші жеңісі болып тіркелді. Ол осылайша мексикалық боксшының жеңіліссіз сериясын тоқтатты. Айта кетейік, Армат Арманұлы 2024 жылдың маусымында кәсіби рингке алғаш шыққан. Сол кезде алғашқы жекпе-жегінде ұтылғанымен, кейін қатарынан төрт қарсыласын тізе бүктіріп, бесінші айқасында нокаутпен жеңіске жетті.
Фото: instagram.com/armatarmanuly