АҚШ-та Жәнібек Әлімханұлының артықшылығына баға берілді
Premier Boxing Champions (PBC) тележобасының Х әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына арналған жазба жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz El.kz интернет порталына сілтеме жасап.
Жәнібек осы жекпе-жекте IBF және WBO белбеулерін қорғайды және қарсыласы – кубалық Эрисланди Лараның WBA титулын қоржынына салуды көздейді.
«Kazakh Style-мен» жұдырықтасу қалай болады екен дейсіз бе? Оның түрінен-ақ бәрі көрініп тұр. Жәнібек 6 желтоқсанда WBA, WBO және IBF әлем чемпионы атақтарын біріктіру үшін Ларамен кездеседі, – делінген Әлімханұлының нокауты жарияланған жазбада.
Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы – Эрисланди Лара жекпе-жегі 6 желтоқсанда (Қазақстан уақытымен 7 желтоқсанның таңы)! АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында өтеді.
Фото: Ашық дереккөзден
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған