457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ-та Әлімханұлы мен Кроуфорд жекпе-жегінің өту мүмкіндігі айтылды

Пилаттидің сөзінше, бұл кездесуде кім жеңсе де, кейін Кроуфордқа шақыру тастауы әбден ықтимал. 

ESPN телеарнасының америкалық журналисі Бернардо Пилатти Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы Теренс Кроуфордқа (42-0, 31 KO) қарсы шығуы мүмкін екенін айтты, деп жазады malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Пилаттидің сөзінше, бұл кездесуде кім жеңсе де, кейін Кроуфордқа шақыру тастауы әбден ықтимал. 

-Бұл кездесуде кім жеңсе де, жекпе-жектен кейін міндетті түрде Теренс Кроуфордқа үн қатады. Үш титул иесі чемпион Кроуфордтың назарын аударуы мүмкін, сондықтан ол бұл шақыру үшін өзіне жаңа салмаққа түсуі ықтимал. Бірақ әзірге бәрі түсініксіз. Кроуфордтың Канело Альвареспен реванш мүмкіндігі бар, бірақ оның болашағы әлі белгісіз. Ол 168 фунтта қала ма, әлде барлық белбеуінен бас тартып, орта салмақта жаңа тарихи қадам жасай ма - бұл әзірге үлкен сұрақ, - деді Пилатти.

Фото: Ашық дереккөзден