Мәзір
Бокс

Ақнұр Тұрсынғали бокстан U19 Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Сабина Асқарқызы 50 қаралым
Ақнұр Тұрсынғали бокстан U19 Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасының өкілі Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) ширек финалдағы кездесуін сәтті өткізіп, қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша ол кем дегенде қола жүлдені өз еншісіне кепілдеді.

Ал дәл осы күні шаршы алаңға шыққан Жасмин Абрамян (60 келіге дейін) мен Алтынгүл Аймұхан (75 келіге дейін) өз қарсыластарына есе жіберіп, жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.

Айта кетейік, U19 жас санатындағы жартылай финалдық жекпе-жектер 13 шілдеде өтеді.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар