Ангелина Лукас отбасындағы мәселеге көмектескен полицейлерге алғыс білдірді
Жамбыл облысында учаскелік полиция инспекторы қазақстандық боксшы Ангелина Лукас пен оның отбасына құқықтық сипаттағы мәселеге байланысты жедел көмек көрсетті.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, отбасылық кәсіпке қатысты құқыққа қайшы жағдайлар туындап, спортшының әкесінің денсаулығы нашарлаған. Осыған байланысты Ангелина Лукас полиция бөліміне жүгінген.
Тәртіп сақшылары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дер кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, туындаған мәселенің бейбіт әрі заңды жолмен шешілуіне ықпал етті.
Көрсетілген жеделдік, кәсібилік және жанашырлық үшін боксшы полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желі арқылы алғыс білдірді. Ол өз жазбасында полицейлердің азаматтарға әрдайым көмектесуге дайын екенін ерекше атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) аргентиналық Дебора Лопесті (21-3-1, 1 КО) жеңіп, BoxRec сайтының рейтингіндегі орнын жақсартқаны хабарланған болатын.
Фото: видеодан алынған скрин
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған