Ангелина Лукас чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жекте оңбай жеңілді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Каирде өткен турнирде карьесындағы екінші жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Тараз қаласының тумасы АҚШ боксшысы Кэтрин Ренемен жеңіл салмақта (50,8 кг дейін) жекпе-жек өткізген болатын. Бұл кездесу Мысыр астанасындағы турнирдің басты айқасына баланды.
Жекпе-жек толық 10 раундқа созылып, төрешілер шешіммен америкалық спортшының пайдасына бұйырды. Үш төрешінің екеуі жеңісті америкалық спортшыға 96:94, 92:98, 96:94 есебімен берді.
Осының нәтижесінде, Кэтрин Рене WBA Gold чемпиондық белбеуінің иегері атанды. 36 жастағы америкалық боксшының еншісінде енді 8 жеңіс (үшеуі нокаутпен) және 5 жеңіліс бар.
Ал Ангелина Лукас мансабындағы екінші жеңіліске ұшырады. Оның 10 жекпе-жекке созылған жеңіс сериясы осылай тоқтады.
Бұған дейін Лукас абсолютті әлем чемпионы, америкалық Габриэла Фундораға ашық түрде шақыру тастаған еді. Boxrec рейтингісінде Ангелина осы салмақта әлем бойынша үшінші орынға жайғасқан. Ал Рене топ-30-ға кірмеген және негізінен жеңіл салмақ дәрежелерінде өнер көрсетіп келген болатын.
Фото: Ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған