457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Америкалық боксшының жекпе-жек кезінде басындағы паригі ұшып кетті

37 жастағы Миллер Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында отандасы Кингсли Ибеге қарсы рингке парик киіп шыққан.

Америкалық боксшы Джаррелл Миллер жеңіспен аяқталған жекпе-жек барысында күтпеген жағдайға тап болды. Қарсыласы оның басындағы паригін жұлып түсірген. Бұл оқиға жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп жазады malimsports.kz

37 жастағы Миллер Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында отандасы Кингсли Ибеге қарсы рингке парик киіп шыққан. Екінші раундта қарсыласының соққысы тиген сәтте парик ұшып кетеді. Боксшы оны көрермендер жаққа лақтырып жіберген. Осы сәттің фото және видеоларын кейін белгілі боксшылар Фабио Уордли мен Скай Николсон да өз парақшаларында бөлісті.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Джаррелл Миллер төрешілердің екіұдай шешімімен жеңіске жетті. Кездесуден кейін ол парик киюінің себебін де түсіндірді. Айтуынша, айқасқа бірнеше күн қалғанда анасының үйінде жүргенде шампуньды аммиакты ағартқыш затпен шатастырып алып, шашынан айырылып қалған. Сол себепті менеджерінен парик тауып беруін сұраған.

Миллер бұл жағдайды әзілмен қабылдағанын айтып, өзіне өзі күле алатынын жеткізді. Оның сөзінше, болған жайт жекпе-жекке еш кедергі келтірмеген.

Айта кетейік, Джаррелл Миллердің карьерасында даулы сәттер де болған. 2019 жылы Энтони Джошуаға қарсы жекпе-жегі допинг сынамасынан өте алмағаны үшін өтпей қалған. Ал кәсіпқой рингтегі жалғыз жеңілісін ол 2023 жылы Даниэль Дюбуаға қарсы кездесуде тіркеген.

Қазіргі таңда Миллердің кәсіпқой бокстағы көрсеткіші - 27 жеңіс, бір жеңіліс және екі тең нәтиже.

Фото: Getty Images