Аман Қонысбеков қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай финалға шықты
Қазақстандық боксшы Аман Қонысбеков Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жарқын жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері ширек финалда Жапония өкілі Хибики Кавабатамен кездесті.
Жекпе-жек барысында Қонысбеков қарсыласын бірнеше мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдық танытты. Үшінші раундта төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатып, техникалық нокаутпен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Осы нәтижемен Аман Қонысбеков жартылай финалға шығып, кем дегенде Азия чемпионатының қола жүлдесін қамтамасыз етті.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.
Фото: ҚФБ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған