Мәзір
Бокс

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына шықты

Сабина Асқарқызы 234 қаралым
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстан намысын қорғап жүрген боксшы Алуа Балқыбекова Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында қытайлық Ци Синьюйді айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Балқыбекова қарсыласын қыспаққа алды. Оның жеңіл қозғалысы мен дәл шабуылдарын төрешілер жоғары бағалап, алғашқы раунд толық қазақстандық спортшының пайдасына жазылды.

Кездесудің орта бөлігінде Ци Синьюй алға ұмтылғанымен, қорғанысты әлсіретіп алды. Осы мүмкіндікті шебер пайдаланған Алуа ауыр соққымен қарсыласын нокдаунға түсірді. Бұл жекпе-жектегі шешуші сәт болды.

Қорытынды раундта Балқыбекованың әр соққысы жанкүйерлердің қолдауымен ерекше әсерлі шықты. Қазақ жанкүйерлері сүйікті спортшысының финалға өткенін шаттана атап өтті.

Енді Алуа Балқыбекова финалда түркиялық Наз Чакыроглумен кездесіп, алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Фото: Бокс федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар