Мәзір
Бокс

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Сабина Асқарқызы 75 қаралым
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының алтыншы күні қазақстандық боксшылар үшін сәтті басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлем чемпионатының кезекті күнінде отандастарымыздан жарыс жолына бірінші болып әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова шықты. Ол 1/8 финалда оңтүстіккореялық Мун Каенмен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Бұл нәтиже Балқыбекованы ширек финалға шығарды.

Сонымен қатар бүгін күндізгі сессияда Виктория Графеева (60 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг) өз жекпе-жектерін өткізеді.

 

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар