457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алты қазақстандық боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) ұйымдастырып жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жартылай финалда қолғап түйістіретін қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл кезеңде ел намысын Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов, Ертуған Зейнуллинов, Сабыржан Аққалықов және Абылайхан Жүсіпов қорғайды.

11 желтоқсан күні өтетін жекпе-жектер:

48 кг: Теміртас Жүсіпов – Эдмонд Худоян (Ресей)

54 кг: Сәкен Бибосынов – Тапа Чандра Бахадур (Непал)

57 кг: Оразбек Асылқұлов – Андрей Пегливанян (Ресей)

63.5 кг: Ертуған Зейнуллинов – Илья Попов (Ресей)

71 кг: Абылайхан Жүсіпов – Ихтияр Нишонов (Қырғызстан)

75 кг: Сабыржан Аққалықов – Фазлиддин Еркинбоев (Өзбекстан)

Ал Даниял Сәбит (51 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Дәулет Төлемісов (86 кг), Нурмагамед Юсупов (92 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг) жарысты ширек финалға жетпей аяқтады.

IBA әлем чемпионаты 3-13 желтоқсан аралығында өтуде. Барлығы 13 салмақ дәрежесі бойынша сын өтіп жатыр. Турнирдің жүлде қоры рекордтық деңгейде: чемпиондар – 300 мың доллар, күміс иегерлері – 150 мың доллар, қола жүлдегерлер – 75 мың доллар, ал ширек финалистер – 10 мың доллар табыс табады.

 

 

Фото: ҚБФ