457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыдағы бокс кеші: қазақстандық боксшылар жарқын жеңістерімен қуантты

Алматыда Akhmedov Promotions ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші аяқталды. Турнирде қазақстандық былғары қолғап шеберлері қарсыластарына дес бермей, бірнеше жарқын жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Әли Ахмедов жартылай ауыр салмақта International Boxing Organization (IBO) тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионының вакантты белбеуін жеңіп алды. Ол Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Асемахле Веллемді екінші раундта екі мәрте нокдаунға жіберіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен айқын басымдықпен жеңді.

Қазақстандық боксшылардың өзге нәтижелері:

Бек Нұрмағанбет (екінші орта салмақ) ресейлік Артыш Лопсанды бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Армат Арманұлы (орта салмақ) ресейлік Харон Запольскийді бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBA Asia аймақтық белбеуінің иегері атанды.

Дулат Бекбауов (жартылай орта салмақ) беларусьтік Евгений Долголевецтен төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен басым түсті.

Елшат Нығметолла (жеңіл салмақ) филиппиндік Бенни Канетені төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, WBA Asia чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалды.

Балауса Мұздыман (әйелдер арасындағы екінші жеңіл салмақ) Қырғызстан өкілі Аделина Сатыбалдиеваны ұпай санымен жеңді.

Саматәлі Төлтаев (жеңіл салмақ) филиппиндік Гари Тамайоны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтты.

Елхан Табынбаев (екінші орта салмақ) өзбекстандық Шохрух Ашуровпен өткен жекпе-жекте қарсыласы төртінші раундқа шығудан бас тартқаннан кейін жеңімпаз деп танылды.

 

Фото: ©Depositphotos/gints.ivuskans