Алматыда Алуа Балқыбекова көлік сыйға берілді
Қазақстан боксшысы Алуа Балкибекова Instagram желісінде қуанышты жаңалығымен бөлісті. Спортшыға спорттағы жетістіктері үшін автокөлік сыйға тартылған, деп жазады malimsports.kz.
Алуа автокөліктің жанында, үстіне қызыл бантик тағылған жаңа көлікпен түскен суретін жариялады. Боксшының айтуынша, бұл сыйлықты оған Алматы қаласының бокс федерациясы табыстаған көрінеді.
Автокөлік Алуа Балкибекованың Ұлыбританияда өткен бокстан әлем чемпионатындағы сәтті өнері үшін берілген. Аталған жарыс қыркүйек айында өтіп, қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, осы жеңісі үшін өткен күзде Қазақстан Президенті Алуа Балкибекова мен басқа да спортшыларды «Құрмет» орденімен марапаттаған.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған