Мәзір
Бокс

Әлімханұлы мен Лара жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі

Сабина Асқарқызы 87 қаралым
Әлімханұлы мен Лара жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі

2025 жылдың 7 желтоқсанында WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен тарихи кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жекте үш чемпиондық белбеу сарапқа салынады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық және кубалық былғары қолғап шеберлерінің айқасы АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center аренасында өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер бұл тартысты кездесуді 7 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00-де «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналарының тікелей эфирінен көре алады.

 

 

Фото: Twitter / Janibek Alimkhanuly

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар